Мектеп формасы
Ата - аналар назарына! 2022-2023 оқу жылындағы мектеп формасы.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАР ҮШІН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА БІРЫҢҒАЙ ҰСЫНЫСТАР(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес)
14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес)
Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Осы талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.