Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:

білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды орындау;

білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті жағдайлар жасау;

білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық- техникалық базаны нығайту;

білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.

Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген

«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.