Республикалық жас Ұлан және Жас Қыран

13.12 күні Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болды. Мектебіміздің озат,үздік, үлгілі оқушыларымыз қабылданды.Қабылдау ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Бірақ, 296 жас ұландықтарға галстуктерді мектеп әкімшілігі мен озат оқушылары үлгі ретінде сыныптарында табыс етті. Мектеп директоры Калиев Серік Сабырбеқұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Теңізбаева Бакыт Габдулловнаға сөз берілді. Оның ішінде 96 оқушы «Жас қыран» ұйымына, 200 оқушы «Жас ұлан» ұйымына өтті. Мемлекеттік әнұран орындалды. Анты қабылдауға мектеп Президенті Ауелбай Раушанға сөз берілді . Соңынан «Жасұлан» әнін хормен орындалып, салтанатты жиынымызды аяқтадық. Жыл көлемінде құқық қорғау органдарымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларға құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік принциптерін қалыптастыру. Жыл көлемінде қалалқ есепке алынған оқушы жоқ. Мектептің ішкі тәртібі мен құқықбұзушылық жасалған жағдайында мектеп директорының қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырыстары өтіп отырды. Кеңестің шешімімен мектепішілік есепке алынған оқушыларға жеке папка арналып, мектеп психологымен бірлесе жұмыс жүргізілді.«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» байланысты 2022 жылдың 20 мамырында Нұр-Сұлтан қаласындағы №24 орта мектептің 5 "И" , 6 "И", 6 "З" 7 "Ж" сынып оқушылары «Алжир» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражайы мен мемориалдық кешеніне экскурсияға барды. 1997 жылдан бері 31 мамырда Қазақстанда 1931-1933 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Тарихшылардың айтуынша, сталиндік режим жылдарында 100 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргінге ұшырап, олардың әрбір төртінші бөлігі атылған. Қазақ зиялылары, аяусыз атылды, Қазақстан территориясы халқының үштен біріне жуығы аштықтан қырылды.