Мұғалімдеріміздің авторлық материалдары негізінде педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша республикалық алаң өтті.

2025 жылдың 9-11 сәуір күндері Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдеріміздің авторлық материалдары негізінде педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша республикалық алаң өтті.
Біздің педагогтер бұл іс-шарада мектеп абыройын жоғары деңгейде лайықты қорғап шықты.
- Ахметова Акмарал Кожагелдиевна физика пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Физика пәнінен білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру»
- Жаңабек Дана Әкімжанқызы қазақ тілі мен әдебеиті пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Қазақ тілі маркетинг әлемінде»
- Есенбекова Жанбота шетел тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, «Практикалық грамматика»(элективті курс)
- Медеуова Бахыт Сағатбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы, «Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалары»
- Медеуова Назира Жетписбаевна тарих пәні мұғалімі. Педагог-зерттеуші, «Ұлы дала өркениетін жасанды интеллект арқылы оқыту»
- Оразхан Марина көркем еңбек пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Киім дизайны»
- Бейсмолдаева Анаргуль Тураровна бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, «Қазақтың ұлттық математикалық ойлау жүйесі, өлшем атаулары мен қызықты есептері»
- Скакова Аида Бакытбековна бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Қазақтың ұлттық математикалық ойлау жүйесі, өлшем атаулары мен қызықты есептері»
- Рахметов Ескендир Серикович, дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, ««Бес кеней» асық ойындары бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал»
- Ахтаева Сабира Далбаевна қазақ тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын қалыптастыру»
- Сарсенова Улжалгас Лесовна бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Оқу жылдамдығын дамытуға арналған мәтіндер мен тапсырмалар жинағы»
Біздің педагогтер білім беру саласында құнды идеялар мен өзекті тәсілдерді ұсынып, өз тәжірибелерімен елдің түкпір-түкпірінен келген әріптестерінің зор қызығушылығын тудырды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Білім беруді жаңғырту орталығына кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап, педагогтер үшін маңызды платформа ұсынғаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Осындай бастамалар заманауи білім берудің дамуы мен өсуі үшін аса қажет. 🌟📘🤝