- Мектептің 5 жылдық даму жоспары қарастырылып, 2022-2023 оқу жылын арналған оқу-тәрбие жоспары мен әдістемелік бірлестік жоспарларын бекіту бойынша жұмыстар талқыланды. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Зияткерлік әлеуеті жоғары, өмірге бейім тұлға қалыптастыру». Мақсаты: Білім алушылардың табысты оқуға қол жеткізуі үшін оқу-тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру арқылы тұлғаға бағытталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру.
МІНДЕТТЕР:
- Білім сапасын көтеру мақсатында педагогтардың инновациялық бағыттағы қызметтеріне қолдау көрсете отырып, ынталандыру шараларын тиімді ұйымдастыру;
- Жылдық қорытынды бойынша төмен сапа көрсеткен сыныптардың оқу-тәрбие үдерісін мектепішілік бақылауға алу;
- Мектеп қабырғасында үштілділікті жүзеге асыру мақсатында биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жалғастыру;
- Мұғалімдердің жеке оқушымен, қабілетті, оқу мотивациясы төмен оқушылармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізуін қадағалау;
- Оқушылардың еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілетін және өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру;
- Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу мақсатында сынып жетекшілердің тәрбие қызметін жетілдіру, психологиялық қызметті жандандыру;
- Қоғамдық шараларға белсене қатысуын қамтамыз ету мақсатында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын белсендендіру;
- Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру мақсатында қосымша біліммен қамту.
Ұйымдастырушы: Калиев С.С., Тиынтай А., Кайргалиева А.Б.