Мектеп жарғысы


Мектеп жарғысы

Мектеп оқушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

36. Мемлекеттік мекемедегі оқушылардың:

1) мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) білім алу нысанын таңдауға;

3) мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында білім беру кеңесінің шешімімен қысқартылған білім бағдарламалары, жекелеп оқыту жоспарлары бойынша оқуға;

4) өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес қосымша (оның ішінде ақылы) білім алуға;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдармен ақысыз қамтамасыз етілуге;

6) спорт, оқу, мәжіліс залдарымен, компьютер сыныптары мен кітапханаларымен тегін пайдалануға;

7) адам абыройын қадірлеуге, ар-ұят және ақпарат еркіндігіне, өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;

8) бір оқу орнынан басқасына, бір білім алу нысанынан басқасына ауысуға және қайта келуге;

9) білім беру бағдарламасымен көзделмеген еңбекке ерікті түрде тартылуға;

қоғамдық ұйымдарға еркін кіруге;

10)физикалық және психологиялық күш қолданудан қорғалуға;

11) оқудағы, ғылым мен шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге және марапатталуға;

12) білім мекемесін басқаруға қатысуға құқықтары бар.

37. Мемлекеттік мекемеде оқушылар:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес білімді, іскерлікті, машық дағдыларды меңгеруге;

2) ішкі тәртіп ережелерін, білім ұйымының жарғысымен көзделген басқа да талаптарды сақтауға;

3) педагогикалық қызметкерлердің, басқа білім алушылардың ар-намысын, абыройын, өздері оқитын оқу орнының дәстүрлерін сыйлауға;

4) білім ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті:

Қыздарға: белдемше қара көк түсті, тоқыма кофта және жилет, ақ түсті жейде;

Ұлдарға: тоқыма кофта және жилет, көгілдір жейде (қысқа және ұзын жеңді), шалбар, туфли.

Мектеп оқушылары білім ұйымында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті:

Қыздар: қара, көк түсті юбка жилетімен, ақ кофта.

Ер балалар : қара, көк түсті костюм шалбар.

1)Дене шынықтыру сабағында, АӘД сабағында, технология, би, ритмика сабақтарына оқушылар арнайы формамен қатысады, киімі және аяқ киімі болады

Тыйым салынады:

1)бас киіммен отыру (хиджаб, орамал, тақия)

2)бала ағзасына зиян келтіретін болғандықтан макияж, маникюр салуга болмайды.

Сондай-ақ оқушыларда классикалық шаш үлгісі болу керек. Түрлі- түсті

бояулармен бояуға болмайды.

1)сүйек құрылысы бұзылатындықтан өкшесі биік аяқ киім киюге болмайды

2)металдық әшекей – бұйымдарды қолдануға болмайды