16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні»

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды.1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ мүше болып кірді.

  • ​1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

  • ​1994 жылы қазақ ғарышкері Т. Мұсабаев «Союз ТМ — 6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

  • 1995 жылы 30 тамызда ҚР – ның «Атазаңы» қабылданды.

  • 1996 жылы 20 қаңтарда ҚР — ның Парламентінің 1 — сессиясы болып өтті.

  • 1997 жылы « Қуғын — сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

  • .1998 жылы 6 — мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

  • 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР — ның Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

  • 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды .

  • 2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

  • 2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.

  • 2003 — 2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды. Осы жылдары біршама іс — шаралар жасалды.

  • 2004 жылы « Қазақстан — Ресей» жылы болып, көптеген шаралар өткізілді.

  • 2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.

  • 2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толды.

  • Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин жылы. Қазақстанда өтті.

  • 2011жыл қысқы АЗИАДА-мен басталды.

  • 2012жыл 15қаңтар «Нұр Отан», «Ақжол»партиясы өтті.

  • ​2015жыл-Қазақ хандығының 550жылдығы өтті.

  • 2016жылы-Тәуелсіздікке 25жыл

  • 2017жыл –ЭКСПО көрмесі өтті.

  • 2019жыл наурызда Казакстан Тәуелсіздік Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда Қасым Жомарт Тоқаев ел Президент болып сайланды.

  • 2020жыл «Еріктілер жылы» атанды.

  • 2021жыл Тәуелсіздіктің 30жылдығы деп атады.


16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мектептің мәжіліс залында «Тәуелсіздік тәтті үмітім едің сен» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Сахна мерекеге сай безендірілді.Ұстаздар мен 11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты әдеби сазды кешпен жалғасты. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Калиев Серік Сакбырбекұлы мерекелік кешті ашып, барша ұстаздар қауымын «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. «Астана Гүлдері» бишілер тобы дайындаған ән, би өнерлерімен, қорытындыланды.