1-сыныпқа қабылдау

Хабарландыру📮
2024-2025 оқу жылына 1 сынып оқушыларын қабылдау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 2018 жылғы 12 қазанындағы №564 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес №24 орта мектепте бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау жүруде.
Қабылдау мерзімі-ағымдағы жылғы 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін.(Дүйсенбі-жұма күндері аралығында қабылдау жүргізіледі.)
Құжаттарды қабылдау Электрондық қабылдау «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Анықтама телефоны:28-15-33, Мекен-жай: ж/м Пригородный, Арнасай 127

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1. Ата-аналардың өтініші
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
3. Баланың денсаулығы туралы 052у «Бала денсаулығы паспорты»
4. Баланың денсаулығы туралы 065/у екпелердің картасы
5. 3х4 көлеміндегі 2 фото
6. ПМПК қорытындысы (бар болған жағдайда)