Ваканция

Астана қаласы әкімдігінің «№24 орта мектеп» ШЖҚ МКК бос лауазымдарға конкурс жариялау туралы
1.Конкурс өткізу орны: Астана қаласы әкімдігінің «№24 орта мектеп» ШЖҚ МКК, Есіл ауданы , Пригородный кенті, Арнасай көшесі 127 мекен-жайында орналасқан, байланыс тел.: 8-7172-28-15-33 Эл.пошта: school-24kz@mail.ru
2.Төмендегідей бос лауазымға конкурс жарияланады:
Бастауыш сынып мұғалімі -(қазақ сыныптарына) -1 орын (декреттік орын) конкурс жарияланады. Еңбекақы мөлшері: 130000-150000т.
3. Лауазымға қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) пед.агогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы;
11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау: 01.10-11.11 аралығында;
Кандидаттардың құжаттарының шешімі 14-16 қараша аралығында мектеп сайты немесе инстаграм, фейзбук желілерінде жарияланады.