Елін сүйген Елбасы

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. »
Н.Ә.Назарбаев

1-11-сыныптарында «Елін сүйген Елбасы», «Тұңғыш Президент күні» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентінің өмір жолы, еңбек жолынан үлгі алу, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыру туралы мағлұмат берілді. Мектепте онымен бірге тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында Елбасымыздың өмір жолына шолу жасалды.

Мақсаты:Балаларға тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және қазіргі Елбасымыз Қасым – Жомарт Тоқаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иелері екенінтаныту. Балаларды отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елімізді жоғары халықаралық деңгейге шығарған тұлға. Мемлекет басшысының көрегенділігінің арқасында Қазақстан әлем таныған ел болды, мемлекетіміздің дамытудың даңғыл жолын салды. «Қазақстан-2030» стратегиясы әлем саясаткерлерінің назарын аударды. Аяқталу мерзімінен бұрын өзінің межелеген мақсатына жеткен Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылды. Бұл бірден-бір тұңғыш Елбасының ерен еңбегі десек қателеспейміз.

Елбасы өмір жолы талай кітапқа арқау боларлық дүние. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оқуда озат, білімге құштар болды, әсіресе кітап оқуға жаны құмар еді. Ол ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасында бастады. 1989-1991 жылдары Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарды. 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. Ол ел басқарған 30 жылға жуық уақытта Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл-ауқатын көтерді.


Әрбір елдің, халықтың бір дәуірлерде қайта түлеуіне, жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болады. Сайланған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі дамудың өркениеттің жолына түскен халқымыз ел өміріндегі бар жақсылықты, әр саладағы сәтті қадамдарда, Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеміз. Бұл-шындық. Қазақ елін халықаралық аренада елу елдің қатарына еңгізіп, дамыған елдермен иық текетіресе алатындай дәрежеге жетті. Елбасының жиырма үш жыл ішінде еңбектерін ауыз толтырып мақтана аламыз. Біріншіден, Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Астанаға көшіруінің астарында нағыз саясаткерлік шеберін көрсетті. Сондықтан, қазақтарды біріктіру мақсатын көздегені анық байқалады. Бір күнде Астананы көшіру деген, әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Сонда Елбасының табандылығы мен көрегенділігіне таңдай қаққаннан басқа шара жоқ. Екіншіден, қазақ қандастарымыз кейбір себептермен шет елдерге көшіп кетті. Сол қазақтарды өз Отанына шақырды. Үшіншіден, Қазақстанда экономикада өзгеріс енгізіп, демократиялы ел болдық. Төртіншіден, Қазақстан даму стратегиясына «Қазақстан 2050» жарық көрді. Бұл бағыт Қазақстанның білімі, мәдениеті, ғылым, спорт, саясат, әлеумет, экономиканы, қай жағынан болмасын дамыту көзделіп, басты жолға қойылды.