Әдістемелік кеңес
Мектептің 5 жылдық даму жоспары талқыланып, оқу-тәрбие жоспары және әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Зияткерлік әлеуеті жоғары, өмірге бейім тұлға қалыптастыру». Мақсаты: Білім алушылардың табысты оқуға қол жеткізуі үшін оқу-тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру арқылытұлғаға бағытталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру.
МІНДЕТТЕР:
МІНДЕТТЕР:
- Оқушылардың білім сапасын көтеруін оқу-тәрбие жұмысының педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты жоспарлы түрде жүзеге асыру;
- Оқушылардың жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша әртүрлі конкурстарға, олимпиадаларға қатысуы арқылы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
- Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру;
- Жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерімен тығыз байланыс орнату арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысымен белсенді айналысуын қамтамасыз ету.
- Оқу-тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырып жүргізу нәтижесінде білім сапасы көтеріледі;
- Оқушылардың интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы әртүрлі конкурстардан, пәндік олимпиадалардан (қалалық, республикалық) жүлдегерлер саны артады;
- Инновациялық бағытта қалалық семинарлар, шебер-сынып өткізу барысында мұғалімдердің құзыреттілігі шындалады;
- Жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерімен тығыз байланыс орнату арқылы зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылардың саны ұлғаяды.